Schoolchildren achievement » №13 орта мектеп
Almaty region
Municipal public institution
"№13 орта мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » Schoolchildren achievement
“Әбіш Кекілбаев” оқулары
27
January
2024
“Әбіш Кекілбаев” оқулары
Ә.Кекілбаев өзінің көркем сөз зергерлігімен оқырманның рухани өмірін байытып, көкірегіне ұлттық сенім, сана ұялатады. Осы орайда , жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы  Almaty regionның білім басқармасының ұйымдастыруымен Қапшағай қаласында Облыстық “Әбіш Кекілбаев” оқулары бүгінгі күні өз мәресіне жетті.  Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Тұрғали Айсұлу “Мәнерлеп оқу”сайысында жазушының 30 өлеңін,2 прозасынан үзінді жаттап, lll  дәрежелі дипломымен марапатталды.
"Ақберен" өнер  байқауы
17
October
2023
"Ақберен" өнер байқауы
17 қазанда Қонаев қаласында "Ақберен" өнер  байқауы өтті. Байқауға  М.Мақатаев атындағы 13 орта мектебінен 11- сынып оқушылары Санат Айым мен Заманбек Сымбат қатысты. " Ақындар мүшәйрасы" бағыты бойынша қатысқан - Санат Айым 2- орын, " Көркем сөз" бағыты бойынша қатысқан Заманбек Сымбат 3- орын иеленді.
'Менің шағын Отаным' атты республикалық интеллектуалдық конкурсы
16
October
2023
'Менің шағын Отаным' атты республикалық интеллектуалдық конкурсы
9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың 'Менің шағын Отаным' атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінде 'Шағын Отанымның символы' номинациясы бойынша мектебіміздің 10'Ә' сынып оқушысы Рахымжан Аяулым Дәулетқызы қатысып  ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Сейдимбетова Раушан Мейрамбековна. Құтты болсын!!!
“Алтын түлек” олимпиадасының мектепішілік кезеңі
10
October
2023
“Алтын түлек” олимпиадасының мектепішілік кезеңі
“Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен республикалық деңгейде 10-11 сыныптарға арналған “Алтын түлек” олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар 4 оқушы анықталды. 10 - сыныптан: Демежанов Асыл, Бахыт Берекет; 11- сыныптан: Тұрсынбай Дана, Смаханова Шапағат олимпиаданың аудандық кезеңіне жолдама алды. Бәйгеде оза шауып, жүлделі орын иегерлері атанады деген үміттеміз!✊👍
Республикалық «Алтын Сақа» олимпиадасының мектепшілік кезеңі
29
September
2023
Республикалық «Алтын Сақа» олимпиадасының мектепшілік кезеңі
Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегі күні 5-6 сыныптарға арналған оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатындағы балалардың логикасын әртүрлі қырынан бағалайтын бірегей тапсырмалар жүйесімен ерекшеленетін Республикалық «Алтын Сақа» олимпиадасының мектепшілік кезеңі өткізілді .Ең жоғары ұпай жинаған алты оқушы олимпиаданың аудандық кезеңіне жолдама алды. Шәкірттерімізді құттықтай отырып,аудандық кезеңге сәттілік тілейміз.