БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ » №13 орта мектеп
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ
21
август
2023

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ

Мемлекеттік  білім   беру  ұйымдарының  педагогтерін 

  лауазымға  тағайындауға  конкурс өткізу  туралы   

ХАБАРЛАНДЫРУ


          «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша   білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі   ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығына сәйкес бос лауазым орындарына конкурс жариялайды.

Конкурс төмендегідей лауазымдар бойынша өтетін болады. 

1. Кадет жетекшісі  - 1 ставка (тұрақты)
 2. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – 1 ставка   ( ақысыз демалыста отырған мұғалімнің орнына уақытша)
 3. Физика пәнінің  мұғалімі - 1 ставка тұрақты
 4. Математика пәнінің  мұғалімі 
– 1 ставка  тұрақты
 5. Информатика пәнінің мұғалімі – 1 ставка тұрақты
 6. Химия пәнінің мұғалімі  - 1 ставка тұрақты 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттар тізбесін жолдайды.

  • Түйіндеме;
  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  • кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  • Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  • психоневрологиялық ұйымнан, наркологиялық ұйымнан,соттылығы бар немесе жоқтығын анықтайтын анықтама;
  • Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) педагог статусы немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
  • Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.                                                                   
       Бағалау парағы  баллдық жүйеде бағаланады!

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы   

Телефон: 87275221262, 87785713108

Электрондыпошта: Otegen_13@mail.ru

«М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі