Оқушыларға » №13 орта мектеп
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Оқушыларға
“Әбіш Кекілбаев” оқулары
27
январь
2024
“Әбіш Кекілбаев” оқулары
Ә.Кекілбаев өзінің көркем сөз зергерлігімен оқырманның рухани өмірін байытып, көкірегіне ұлттық сенім, сана ұялатады. Осы орайда , жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы  Алматы облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Қапшағай қаласында Облыстық “Әбіш Кекілбаев” оқулары бүгінгі күні өз мәресіне жетті.  Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Тұрғали Айсұлу “Мәнерлеп оқу”сайысында жазушының 30 өлеңін,2 прозасынан үзінді жаттап, lll  дәрежелі дипломымен марапатталды.
"Ақберен" өнер  байқауы
17
октябрь
2023
"Ақберен" өнер байқауы
17 қазанда Қонаев қаласында "Ақберен" өнер  байқауы өтті. Байқауға  М.Мақатаев атындағы 13 орта мектебінен 11- сынып оқушылары Санат Айым мен Заманбек Сымбат қатысты. " Ақындар мүшәйрасы" бағыты бойынша қатысқан - Санат Айым 2- орын, " Көркем сөз" бағыты бойынша қатысқан Заманбек Сымбат 3- орын иеленді.
'Менің шағын Отаным' атты республикалық интеллектуалдық конкурсы
16
октябрь
2023
'Менің шағын Отаным' атты республикалық интеллектуалдық конкурсы
9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың 'Менің шағын Отаным' атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінде 'Шағын Отанымның символы' номинациясы бойынша мектебіміздің 10'Ә' сынып оқушысы Рахымжан Аяулым Дәулетқызы қатысып  ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Сейдимбетова Раушан Мейрамбековна. Құтты болсын!!!
“Алтын түлек” олимпиадасының мектепішілік кезеңі
10
октябрь
2023
“Алтын түлек” олимпиадасының мектепішілік кезеңі
“Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен республикалық деңгейде 10-11 сыныптарға арналған “Алтын түлек” олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар 4 оқушы анықталды. 10 - сыныптан: Демежанов Асыл, Бахыт Берекет; 11- сыныптан: Тұрсынбай Дана, Смаханова Шапағат олимпиаданың аудандық кезеңіне жолдама алды. Бәйгеде оза шауып, жүлделі орын иегерлері атанады деген үміттеміз!✊👍
Республикалық «Алтын Сақа» олимпиадасының мектепшілік кезеңі
29
сентябрь
2023
Республикалық «Алтын Сақа» олимпиадасының мектепшілік кезеңі
Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегі күні 5-6 сыныптарға арналған оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатындағы балалардың логикасын әртүрлі қырынан бағалайтын бірегей тапсырмалар жүйесімен ерекшеленетін Республикалық «Алтын Сақа» олимпиадасының мектепшілік кезеңі өткізілді .Ең жоғары ұпай жинаған алты оқушы олимпиаданың аудандық кезеңіне жолдама алды. Шәкірттерімізді құттықтай отырып,аудандық кезеңге сәттілік тілейміз.
Алтын белгі» төс белгісі мен үздік аттестат иегерлерінің салыстырмалы кестесі.
27
декабрь
2022
Алтын белгі» төс белгісі мен үздік аттестат иегерлерінің салыстырмалы
«Алтын белгі» төс белгісі мен үздік аттестат иегерлерінің салыстырмалы кестесі. Мектеп оқу үздіктерінің, екпінділерінің және «Алтын белгі» төс белгісі мен  үздік аттестат иегерлерінің салыстырмалы кестесі. О қу жылы 9 -     сыныпты бітірген оқушылар саны Үздік куәлік негізгі мектеп бітіру бойынша 11 – сыныпты бітірген оқушылар саны Қызыл аттестат иегерлері орта мектеп бойынша «Алтын белгі» төс белгісінің иегерлері 2019 -  2020 157 26 91 6 12 2020 – 2021  171 27 78 6 7 2021 - 2022 188 31 98 5 18