04
июнь
2026
ҚР Парламенті депутаттарының Алматы облысы Іле ауданына жұмыс сапары
📌 Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Алматы облысы Іле ауданына жұмыс сапары
2026 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дәулет Мұқаев, Асылбек Нұралин, Екатерина Смолякова және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова Іле ауданына жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары барысында делегация өңірдегі білім беру ұйымдарының қызметімен танысып, білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Сапар аясында М.Мақатаев атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектептің қызметімен танысып, мектептегі үш ауысымды оқыту мәселесі, білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы, педагогтердің еңбек жағдайы мен білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды қарастырды.
Кездесу барысында үш ауысымды оқыту мәселесін шешу жолдары, білім беру инфрақұрылымын дамыту және оқушыларға қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру бойынша ұсыныстар талқыланды.
Негізгі мақсат – білім беру ұйымдарының жай-күйін зерделеу, инфрақұрылымдық және оқу-тәрбие үдерісіндегі өзекті мәселелерді талқылау, педагогтердің еңбек жағдайын жақсарту және білім сапасын арттыруға бағытталған бастамалар