М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп директоры Керимкулова Аяулым Жақашбайқызы » №13 орта мектеп
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп директоры Керимкулова Аяулым Жақашбайқызы
03
октябрь
2023

М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп директоры Керимкулова Аяулым Жақашбайқызы

           Керимкулова Аяулым Жакашбайқызы 1981 жылы 23 қаңтар күні Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас селосында дүниеге келген.

         1998-2002 жылдары Алматы қаласындағы әлеуметтік гуманитарлық «Дарын» институтын бітірген.  

         2000-2001 жыл Бақанас ауданы Көкжиде орта мектебінде ағылшын тілі  мұғалімі болып, еңбек жолын бастаған.

         2001-2003 жылдары және Ақкөл орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімі.

         2003-2008 жылдары Бақанас орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімі.

         2008-2011  жылдары   М.Мақатаев атындағы №13 мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,  

        2011-2012 жылдары Көктерек ауылындағы №21 мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 

        2012-2015 жылдар аралығында №13 мектептің  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  қызметін атқарған. 

       2015 жылы сәуір айында Ащыбұлақ округіндегі №20 мектепке директорлық қызметке тағайындалды.

         Қазіргі таңда 2019 жылдың қаңтар айынан бастап, Өтеген батыр кентіндегі М.Мақатаев атындағы №13 орта мектептің директоры болып тағайындалды. 

        Отбасында  бір ұл, бір қыз  тәрбиелеуде. 

        2018 жылы Талдықорған қаласындағы «Көшбасшы» оқу-әдістемелік орталығының шешімімен «Listening-Reading -Speaking» атты авторлық бағдарламасы жарыққа шыққан. 

Үш тілді еркін меңгерген.

2017 жылдың 01.30-24.11.аралығында 9 айлық басшылық курсынан өтіп, серия № 003458 куәлігі және 08.01. 2018жылы D № 002980 сертификатын иеленген. 

 2017 жылы ВОУД, 2018 жылы PIZA, TIMМS халықаралық зерттеуді жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен, облыстық «Тіл дарыннан» ІІ орын,  Алматы облысы білім басқармасының «Құрмет грамотасы», облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектеп директорлары арасында өткен «Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы» байқауында  жүлделі орын иеленіп, ІІІ дәрежелі дипломмен, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының «Жаңартылған бағдарлама аясында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі» тақырыбында өткен педагогикалық оқуда көрсеткен шығармашылық жетістігі үшін грамотамен және алғыс хатпен, Іле ауданының 90 жылдығы қарсаңында «Жетісу өлкесінің батырлары» ғылыми-практикалық конференциясына белсене қатысқаны үшін аудан әкімінің  мадақтамасымен аудандық білім бөлімінің  грамотасымен   бірнеше мәрте марапатталған. 



Похожие публикации:

23 апрель 2017 ҰБТ туралы
23 апрель 2017 ҰБТ туралы