"Пифагор" және "Эрудит" пәні бірлестіктерінің онкүндігі » №13 орта мектеп
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Пифагор" және "Эрудит" пәні бірлестіктерінің онкүндігі
09
февраль
2024

"Пифагор" және "Эрудит" пәні бірлестіктерінің онкүндігі

"М. Мақатаев атындағы №13 орта мектебі"  МКМ де 29.01_09.02.2024ж аралығында "Пифагор" және "Эрудит"  пәні бірлестіктерінің онкүндігі өтті. Онкүндіктің ашылуын бірлестік жетекшісі Талханбаева Жанар Темирбековнаның және жас мамандардың ұйымдастыруымен 5_6 сыныптар арасында  "Математикалық квест"  ойын өте қызықты,  әрі  жаңаша форматта өткізілді. Сонымен қатар онкүндікте ашық сабақтар,  "Алтын сақа"  математикалық олимпиадасы,  "Физикалық марафон"  сыныптан тыс сайыс сабақтары өте жоғары деңгейде өтті. Онкүндіктің  жабылуында 11 сыныптар арасында "Ғажайып бірлік"  интеллектуалдық ойыны физика пәнінің мұғалімі Дәрібай Күмісай Сәдуқызы,  математика пәнінің мұғалімі Акимбаева Гульжанат Амангельдиновна мен жас маман Нұралхан Альфия Сабыровнаның ұйымдастыруымен жоғары деңгейде,  әрі қызықты өткізілді.