06
февраль
2026
М.Мақатаев атындағы 13 орта мектебінде Мұқағали оқуы" өткізілді.
2026 жылдың 6 ақпанында Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Іле аудандық білім беруді дамыту оқу - әдістемелік орталығының әдіскері Акмарал Курманжановнаның ұйымдастыруымен М.Мақатаев атындағы 13 орта мектебінде Мұқағали оқуы" өткізілді. Байқауға аудан оқушылары " Айтып өткен ақында арман бар ма?!", " Жыр эстафетасы" " Көкірегімде жыр сәулесі маздайды" " Дариға, домбырамды берші маған" номинациялары бойынша қатысып, өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Оза шапқандар жүлделі орындарға ие болды.

