27
ноябрь
2025
Жаңатас қаласында өткен алғашқы республикалық "Маралтай оқулары" шығармашылық байқауында мектебіміздің оқушылары жарқын жетістікке қол жеткізді
М.Мақатаев атындағы орта мектеп оқушыларының жетістігі 26-27 қараша күндері Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында өткен алғашқы республикалық "Маралтай оқулары" шығармашылық байқауында мектебіміздің оқушылары жарқын жетістікке қол жеткізді. "Тарпаң мінезді Маралтай" номинациясы бойынша ақын өлеңдерін жатқа оқу сайысында 11 "А" сынып оқушысы Казезхан Әлихан жүлделі III орынға ие болды. "Жас ғасыр, жаңа замана" номинациясында 11 "Е" сынып оқушысы Мадиярұлы Аңсар грамотамен марапатталды. Бұл жетістіктер - оқушыларымыздың талпынысы мен еңбегінің, сондай -ақ ұстаздарының ұдайы қолдауының нәтижесі. Мектеп ұжымы атынан қос оқушымызды құттықтай отырып, шығармашылық жолдарына толағай табыстар тілейміз!

