Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ » №13 орта мектеп
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
14
август
2024

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

v

«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі  ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығына сәйкес бос лауазым орындарына конкурс жариялайды.

Конкурс төмендегідей лауазымдар бойынша өтетін болады. 

  1. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – 1 ставка  (уақытша)
  2. Бастауыш сынып  мұғалімі - 6 ставка тұрақты  (1 уақытша)
  3. Математика пәнінің  мұғалімі – 1 ставка  тұрақты
  4. Информатика - 2 ставка (уақышта)
  5. Денешынықтыру – 1 ставка (уақытша)
  6. Қазақ тілі - 0,5 ставка (уақытша)


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттар тізбесін жолдайды


  • Түйіндеме;
  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  • кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  • Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  • психоневрологиялық ұйымнан, наркологиялық ұйымнан,соттылығы бар немесе жоқтығын анықтайтын анықтама;
  • Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) педагог статусы немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
  • Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.                                                                          Бағалау парағы  баллдық жүйеде бағаланады!



Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы   

Телефон: 87275221262, 87785713108

Электрондыпошта: Otegen_13@mail.ru

«М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі