02
ноябрь
2021
Білім саласындағы болып жатқан жаңашылдық пен игі істерді игеруде мектебіміздің ұстаздары унемі нәтижелі жұмыс атқаруда

Іле ауданы, М. Мақатаев атындағы №13 орта мектебінде "Оқушылармен PISA тапсырмаларын орындауда жаратылыстану - ғылыми сауаттылығын дамыту жолдары" тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда мектеп ұстаздары биология пәнінің мұғалімі Омарова Айгуль мен география пәнінің мұғалімі Телеубаева Куляш өз тәжірибелері ең бөлісті. Семинарға мектептегі шығармашыл, зерттеуші, сарапшы мұғалімдер, сонымен бірге жас мамандар қатысып, өз ойларын ортаға салды. М.Мақтаев атындағы 13 орта мектепте күзгі демалыс кезінде жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында “Табысты сабақты жоспарлауда SMART мақсат қою арқылы оқу мақсатына жетудің жолдары” атты коучинг өткізілді. Коучинг барысында жауапты тәлімгерлер Өткелбаева Р.Н. мен Жаменкеева Б.А. жас мамандарға қысқа мерзімді жоспарлауда сабақ мақсатын қою мүмкіндіктерін түрлі әдістер арқылы көрсетті.