22
декабрь
2022
«Тәуелсіздік – Тарих.Тағылым. Тәуелсіздік»
М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебінде 12 – 22 желтоқсан аралығында «Тәуелсіздік – Тарих.Тағылым. Тәуелсіздік» тақырыбында «Алаш» бірлестігінің кезекті апталығы ұйымдастырылды. Апталықтың мақсаты: жас ұрпақтың бойында ұлтжандылық, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, туған жеріне құрмет ете білуге тәрбиелеу. 12 – желтоқсан «Алаш» бірлестігі апталығының ашылуы. Қатысушылары: 10 – сынып оқушылары. Тарихи сахналанған көрініс, биылғы жылғы айтулы даталар, тәуелсіздік әндері, әдеби мотаж. Апталықтың ашылуы барысында өткізілетін ашық сабақтар мен іс – шаралардың жоспарларымен таныстырылды.
Өткізілген ашық сабақтар: 13 – желтоқсан күні Мустафиярова Бағлан Токтаркуловна 10А сыныбымен «Қазақтардың ру- тайпалық құрылымының ерекшеліктері» ;
14 – желтоқсан Казербаева Гүлнар Кулжабаевна 11В сыныбымен «Ұлтаралық және кофессияаралық келісімнің Қазақстандық моделі»:
15 – желтоқсан Кушканова Айнұр Саламатовна 9 – сыныптар «Дарабоз» интеллектуалдық ойыны;
19 – желтоқсан Тазабеков Жанат Кунанбайұлы 7В сыбымен «Кенесары Қасымұлы баастаған ұлт – азаттық қозғалыс»;
20 – желтоқсан Дюсембаев Қуаныш Сыдықұлы 8Ә сыныбы «Қырғыз (Қазақ) АКСР – нің құрылуы;
21 – желтоқсан Маулетова Айдана Махмутовна 6З сыныбы «Орта ғасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы»;
22 – желтоқсан «Еркіндікті ту еткен – Тәуелсізді» патриоттық әндер кеші.
Тарих үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін жас ұрпақтың тарихи сауаттылығы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие. Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады.[media=https://youtu.be/KxvtuOjdhaY]