"Үздік жас маман" байқауы » №13 орта мектеп
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Үздік жас маман" байқауы
03
декабрь
2022

"Үздік жас маман" байқауы

Үстіміздегі жылдың  1 желтоқсан күні М.Мақатаев атындағы #13 орта мектепте директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Дюсембинова Жанар Мухтаровнаның басшылығымен "Лингвист" бірлестік мүшелерінің ұйымдастыруымен  мектебіміздегі жас мамандарға әдістемелік көмек, қолдау көрсету мақсатында "Үздік жас маман" байқауы   ұйымдастырылды. Байқауға еңбек өтілі 0-3 жыл аралығындағы  8 жас қатысып жүлделі орындармен, номинацияларға ие болды. Барлық қатысқан  мамандардың да дайындықтары жаңашыл тұрғыда. Осы байқаудың нәтижесінде тарих пәнінің мұғалімі Маулетова Айдана "Бас жүлдені" иеленіп, әріптестерінен барлық деңгейде жоғары дайындықпен келгенін дәлелдеді. 1-орынды информатика пәнінің мұғалімі Нусежан Ақжарқын, 2-орынды тарих пәні мұғалімі   Тазабеков Жанат, 3-орынды дене шынықтыру пәні мұғалімі Галымов Абзал иеленіп, қалған 4-ұстаз "Жаңашыл ұстаз", "Шығармашыл ұстаз", "Креативті ұстаз", "Ізденімпаз ұстаз" номинацияларымен  марапатталды.