28
октябрь
2022
Дидактикалық материалдар көрмесі
М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебінде оқу-тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес директордың ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Дюсембинова Жанар Мухтаровнаның басшылығымен мектеп кітапханасында дидактикалық материалдар көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты: әдістемелік пән бірлестіктері арасында тығыз сабақтастық орнатып, әріптестік тәжірибе алмасу. Эстетикалық талапқа сай жасалған дидиктикалық материалдардың мазмұны мен сапасы талапқа сай жасалғандығына әділқазы алқасының мүшелері куә болды. Сабақта жаңа материалды игеруге мүмкіндік беретін ең қажеттісі де осы дидактикалық материалдар. Әр пәннің ерекшелігіне қарай жасалған дидактикалық материалдар көрмеге қатысқан бірлестік мүшелеріне тәжірибе алмасуға үлкен көмек болды. Заманауи талапқа сай жасалған бірлестіктердің дидактикалық материалдары келесі айналымға жолдама алып жыл аяғ

ында дейін толықтырылып,қорытындысы шығарылады.


ында дейін толықтырылып,қорытындысы шығарылады.