11
апрель
2022
«Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін сабақ үрдісінде қолдану»тақырыбында шебер сынып ұйымдастырылды
Бүгін,яғни 11 сәуір күні мектебімізде жоспар бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оразалиева Жазира Нуржақыпқызы кезекті «Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін сабақ үрдісінде қолдану»тақырыбында шебер сынып сабағын ұйымдастырды.Шебер сынып сабағы барысында «Сатамын және сатып аламын» әдісі арқылы орындаған шаттық шеңбері,ұстаздарды «Жаңашыл» және «Білікті» топқа бөлудегі ерекшелігі ,әдіс-тәсілдерді таңдату кезіндегі «Шопинг» әдісі,мәтіндермен жұмыс жасау кезіндегі «5-5-1» ,«Төрт сөйлем», «ПОПС» сияқты тәсілдерімен орындаған жұмыстары жинақы,түсінікті орындалып,қатысқан мұғалімдердің көңілінен шығып «жоғары»деңгейде ұйымдастырылған шебер сынып сабағы болды.Топта жұмыс жасаған және қатысқан мұғалімдер өздеріне қажетті әдіс-тәсілдер алып ,ризашылықтарын білдірді.Шебер сынып сабағының соңында,қолданылған әдіс -тәсілдерді сабақтың қай бөлімінде орындауға қолайлы болатынын жас мамандарға сұрақ ретінде қойып,ұтымды жауап та алып,жас мамандардың ойын толықтыра кетті.Сабақ соңында,топ мүшелерінен «Бес саусақ» әдісімен кері байланыс алды.