"Оқу мен оқыту дағдыларын дамыту арқылы білім алушылардың іс-әрекетін жетілдіру" тақырыбында аудандық семинар өткізілді » №13 орта мектеп
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Оқу мен оқыту дағдыларын дамыту арқылы білім алушылардың іс-әрекетін жетілдіру" тақырыбында аудандық семинар өткізілді
17
ноябрь
2021

"Оқу мен оқыту дағдыларын дамыту арқылы білім алушылардың іс-әрекетін жетілдіру" тақырыбында аудандық семинар өткізілді

 

2021 жылдың 17 қарашасы күні мектебімізде "Ұлағат" желілік қоғамдастығы мүшелері, аудандық білім бөлімі әдіскерлерінің қатысуымен ""Оқу мен оқыту дағдыларын дамыту арқылы білім алушылардың іс-әрекетін жетілдіру" тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинар тиімді идеяларға қол жеткізу мақсатында мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру, сәтті педагогикалық тәжірибелерді тарату, біріккен ақпараттық орта қалыптастыру мақсаттарын көздеді. Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімі Жолдасова Салтанат Ырысмендіқызы "Нөлдермен аяқталатын көптаңбалы сандарды жазбаша көбейту" тақырыбында 4 сыныппен математика сабағындағы тиімді әдістерді көрсетті. Келесі кезекте ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог зерттеуші Көкімбекова Бибігүл Саргизқызы "Тіл ұстарту мақсатында жүйелі талдаулардың артықшылықтары" шебер сыныбын жүргізіп, тәжірибесімен бөлісті.  Мектеп дефектологы Бекишева Айнаш пен мектеп логопеді Жақсыбаева Ляззат ұстаздар "Ерекше білім қажет ететін оқушылармен жүргізілетін әдіс тәсілдерін" көрсетті. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мизамбек Думан Сабырбекұлы бағалау мақсатында АКТ қолдануға тоқталып, тест құрастыруға қолайлы Quiz maker  платформасымен таныстырды. Информатика пәні мұғалімі, педагог-шебер Копеева Гүлдана Амангелдіқызы фукнционалды сауаттылықты қалыптастыратын интербелсенді әдіс тәсілдерді көрсетіп, әріптестерге өз тәжірибесіндегі әдістерді қолдануды үйретті. Қорытынды бөлімде мектеп тренері Жұмамұратова Салима Ибраимова Оқушы білімі мен әрекетін қалай бағалау тақырыбында керемет тәжірибер алаңын ұйымдастырды. Семинар соңында қатысушы әріптестер өздерінің пікірлерін білдіріп, әр бөлімге қатысты кері байланыс берді.