«Ұлт рухы мен ұрпақ жадындағы Тәуелсіздік» » №13 орта мектеп
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлт рухы мен ұрпақ жадындағы Тәуелсіздік»
12
декабрь
2025

«Ұлт рухы мен ұрпақ жадындағы Тәуелсіздік»

«Ұлт рухы мен ұрпақ жадындағы Тәуелсіздік» тақырыбындағы «Адал ұрпақ», «ӨӨ басқару», «Жас прокурор» клубы мүшелерімен
«Оқушы-Quiz» аудандық зияткерлік интеллектуалдық ойыны
📅: 2025 жылдың 12 желтоқсаны
📍Өткен орны: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, “М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебі” МКМ
Мақсаты:
Оқушылардың Қазақстанның Тәуелсіздігі, ұлттық рух, ел тарихы туралы танымын кеңейту;
Жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын, адалдық құндылығын, елжандылық қасиетін қалыптастыру;
«Адал ұрпақ», «Өзін-өзі басқару», «Жас прокурор» клубтары арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
Интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын және шапшаңдығын дамыту.
Қатысушылар:
«Адал ұрпақ» ерікті клубы
«Өзін-өзі басқару» ұйымы
«Жас прокурор» құқықтық клубы
Аудан мектептерінің 9–11 сынып оқушылары
Ойын форматы: «Оқушы–Quiz»
Интеллектуалдық сайыс 5 кезеңнен тұрады
Іс-шараның ресми ашылуы салтанатты түрде өтті. Алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, қатысушылар Тәуелсіздік рухын сезінді.
Мектеп әкімшілігі  құттықтау сөз сөйлеп, интеллектуалдық ойынның маңыздылығына тоқталды. Олар жас ұрпақтың ел тарихын құрметтеп, адалдық пен құқықтық мәдениетті бойына сіңіруі — тәуелсіз мемлекеттің баянды болашағы екенін атап өтті.