«Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Қақтығыс жағдайларының алдын алу» атты семинар » №13 орта мектеп
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Қақтығыс жағдайларының алдын алу» атты семинар
09
апрель
2026

«Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Қақтығыс жағдайларының алдын алу» атты семинар

2026 жылғы 9 сәуір күні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы №13 М.Мақатаев атындағы орта мектепте «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Қақтығыс жағдайларының алдын алу» атты семинар өтті.
Семинарды Іле ауданы әкімінің орынбасары Асқар Жұмаханұлы Садықов ашып, тақырыптың өзектілігін атап өтті. Іс-шара барысында Іле ауданы прокуроры Райымбек Ержанұлы Акбиюмов, Іле аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, кәсіби медиатор Мақсат Сейдалыұлы Сейдалиев, облыстық медиация кеңесінің төрағасы Ләззат Жалғасбайқызы Қобланова, Алматы облысы бойынша психологиялық қолдау оқу-әдістемелік орталығының Іле ауданы бойынша үйлестірушісі Бақытгүл Тұрлыбекқызы Маканова, «Алматы – Болашақ» баспаханасы АҚ бөлім басшысы, «Алтын ұя» үйірмесінің негізін қалаушы Бақыткүль Тайкүреңқызы Сарсенбиева, «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ Іле ауданы бөлімінің басшысы Мейрамкүль Түйебайқызы Жабиева және Жастар ресурстық орталығының психологы Ғалия Даулетқызы баяндама жасады.
Семинардың мақсаты – қоғамда, әсіресе жастар мен білім беру ортасында туындайтын қақтығыс жағдайларының алдын алу, олардың себептерін түсіндіру және тиімді шешу жолдарын насихаттау.