“Күй күмбірі” республикалық акциясы аясында қуанышты жаңалық! » №13 орта мектеп
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Күй күмбірі” республикалық акциясы аясында қуанышты жаңалық!
20
апрель
2026

“Күй күмбірі” республикалық акциясы аясында қуанышты жаңалық!

“Күй күмбірі” республикалық акциясы аясында қуанышты жаңалық!

2026 жылғы 20 сәуір күні Астана қаласында өткен “Күй күмбірі” республикалық акциясын ұйымдастыруға белсене қатысып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға елеулі үлес қосқан, күй өнерін насихаттап, халқымыздың мәдени мұрасын дәріптеуге айрықша атсалысқан жандар марапат төрінен көрінді.

Осы маңызды шараны жоғары деңгейде ұйымдастырудағы еселі еңбегі үшін мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қарамолдаев Самат Забышұлы, музыка пәні мұғалімі Адилбаева Гүлнар Ыдырышқызы және хореограф Байжунисова Румия Нұрдәулетқызы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Бұл – тек жеке жетістік емес, бүкіл ұжымның ортақ мерейі! 👏
Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, шығармашылық табыстарыңыз арта берсін!

Құттықтаймыз! 🌟