29
апрель
2026
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында мектеп ауласында көгалдандыру жұмыстары
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында жаратылыстану бірлестігінің ұйымдастыруымен мектеп ауласында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. 🌿
Іс-шара барысында қайың, қараағаш, алма және шырша ағаштарының тұқымдары егілді. Бұл игі бастама қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға және мектеп ауласын көркейтуге бағытталды.
Аталған шараға мектеп директоры қатысып, оқушыларға табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы ой бөлісіп, әрбір жас ұрпақты туған жерге жанашырлықпен қарауға шақырды.
Осындай шаралар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениеті қалыптасып, табиғатқа деген сүйіспеншілігі арта түседі. 🌱