1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне мерекелік іс-шара » №13 орта мектеп
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне мерекелік іс-шара
01
июнь
2026

1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне мерекелік іс-шара

1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебімізде ерекше мазмұндағы мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 🎉

Осы айтулы күн аясында «Балдәурен» жазғы алаңының ашылу салтанаты өтті. Шараның басты мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді, қауіпсіз әрі қызықты ұйымдастыру, балаларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлау болды.

Іс-шара барысында оқушылар ән айтып, би билеп, түрлі ойындарға қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, ерекше қолдауды қажет ететін білім алушылар да назардан тыс қалмай, олардың жетістіктері арнайы марапаттармен атап өтілді. Бұл – әрбір баланың қабілеті мен еңбегін бағалауға бағытталған маңызды қадам болды. 🌟

Мектеп ұжымы барлық балаларға жылы лебізін білдіріп, жазғы демалыстарына сәттілік тіледі.

Балалардың шат күлкісі мен қуанышы толған бұл күн – жүректерде жылы естелік болып қалары сөзсіз. 🌸