25
май
2026
«Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты мерекесі
🎓 «Мектебім, саған мың алғыс!»
2026 жылдың 25 мамыр күні М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебінде 11-сынып түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты мерекесі ерекше әсермен өтті.
Биыл мектебімізден 180 жас түлек алтын ұясымен қоштасып, үлкен өмірге қанат қақты. Жиын барысында түлектерге мектеп директоры Керимкулова Аяулым Жакашбаевна жүрекжарды тілектерін айтып, үздік оқушыларды марапаттады.
Салтанатты шараға аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері Джантілеев Сейітжан Салемханович пен Алматы облысының Екінші полиция батальонының подполковнигі Манабаев Арайбек Сәкенұлы арнайы қатысып, жас түлектерге ақ жол тіледі.
Сонымен қатар, «Еуразия» бірінші телеарнасының журналистері арнайы келіп, мерекелік жиынның ерекше сәттерін түсіріп, мектеп түлектері мен ұстаздардан сұхбат алды.
Кеш барысында:
✨ мектеп вальсі биленді;
✨ «Аманат табыстау» рәсімі өткізілді;
✨ қоңырау соғылды;
✨ түлектердің әсерлі әндері орындалды.
Қимастық пен қуанышқа толы бұл күн – әр түлектің жүрегінде мәңгі сақталатын ерекше сәт болып қала бермек.
Ақ жол, жас түлектер!
Армандарың асқақ, болашақтарың жарқын болсын! 🤍🎓