«XXI ғасыр әлемдік ақпараттың кеңістігі» тақырыбындағы облыстық семинар » №13 орта мектеп
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «XXI ғасыр әлемдік ақпараттың кеңістігі» тақырыбындағы облыстық семинар
01
май
2023

«XXI ғасыр әлемдік ақпараттың кеңістігі» тақырыбындағы облыстық семинар

Хабарлама

27 сәуір 2023 жылы Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми - тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен М.Мақатаев атындағы №13 орта мектепте «XXI ғасыр әлемдік ақпараттың кеңістігі» тақырыбындағы облыстық семинар болып өтті. Семинарың мақсаты: Информатика сабағында инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігін арттыру. Білім алушылардың пәндік құзыреттілігін дамытуға бағытталған, STEM оқытуды және интерактивті әдіс-тәсілдер көмегімен саралап оқытуды практикалық бағытта ұсыну, өзара іс-тәжірибе алмасу. Семинарға Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми - тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының әдіскерлері, Алматы облысы бойынша Информатика пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинардың ашылу барысында Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми - тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Кудусканова Арайлым Алпысбаевна жоспарымен таныстырды. Семинарда Робототехника саласы бойынша оқушылардың өздері жасаған шығармашылық көрме, жобалық жұмыстарымен таныстырылды. Семинарға өатысушыларға жағымды ақуал қалыптастыру үшін психологиялық тренинті М.Мақатаев атындағы №13 орта мектептің психологы Әбдірзақова Динара Әшімжанқы жүргізді. Семинардың тәжірибе алаңы Шебер сыныптар мен ашық сабақтарға ұласты. Тәжірибелік алаңда төмендегі ұстаздар іс-тәжірибесімен, әдіс-тәсілдерімен бөлісті. 

  1.  6-сыныпта 09.50-10.35, №7 орта мектептің Информатика пәні мұғалімі Файзуллина Асем Муратбекқызы. Педагог-сарапшы. Тақырыбы  «Мазмұны» . 
  2. 9-сыныпта 09.50-10.35, М.Мақатаев атындағы №13 орта мектептің Информатика пәні мұғалімі Омарбекова Дамира Канатқызы. Педагог-сарапшы. Тақырыбы «Ойын кейіпкерлерін таңдау».
  3. Үшінші шебер сынып 10.45-11.30, М.Мақатаев атындағы №13 орта мектептің Информатика пәні мұғалімі, ҚР бойынша Оқу ағарту министірлігінде бекітілген 1-6 сыныптар арасындағы Информатика және цифрлық сауаттылық оқу әдістемелік кешендерінің авторы. Педагог-зерттеуші.Тақырыбы «STEM мектеп оқушыларының оқытудың жаңа әдістемесі, әлемдік білім берудің негізгі тренді».
  4. Төртінші сабақ 5-сыныпта 10.45-11.30, №38 мектеп гимназиясының Информатика пәні мұғалімі Шыныбаева Шырайлым Тоялықызы. Педагог-модератор. Тақырыбы «Компьютердегі деректі қалай қорғауға болады?»
  5. Бесінші шебер сынып 11.40-12.25, №38 мектеп гимназиясының Информатика пәні мұғалімі Адилханов Олжас, Адильбекова Жанат.Педагог-сарапшы, Педагог-зерттеуші. Тақырыбы «Loops. Neural networks in Python». 
  6. Алтыншы сабақ 9-сыныпта 11.40-12.25, №24 лицейдің Информатика пәні мұғалімі Мукашева Маржан Саятовна. Педагог-зерттеуші. Тақырыбы «Кейіпкерлерді анимациялау».

Шебер сыныптар мен сабақтар көрсету барысында ұстаздар түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді, АКТ мұмкіндіктерін, түрлі сервистер мен платформаларды қолданып жаңаша бағытта жүргізілді. Білім алушылардың пәндік құзыреттілігін дамытуға бағытталған STEM оқытуды және интерактивті әдіс-тәсілдер көмегімен саралап оқытуды практикалық бағытта ұсыну, өзара іс-тәжірибелерімен бөлісті.Семинарға қатысушылармен түрлі қызықты ойындар жүргізілді. Облыс көлемінде келген ұстаздар да жақсы әдіс-тәсілдерді білім қоржындарына алып кетті. Кері байланыс «Ақылды қалпақ» әдісімен жүргізілді. Шебер сыныптар мен сабақтарға қатысқан ұстаздар пікірлерін айтып, семинардың тиімді жақтарын, әдіс- тәсілдерін айтып ойларымен бөлісті. Семинар көпшілік қауымның, әдіскерлердің, ұстаздардың көңілінен шықты. Семинар жоғары деңгейде бағаланды.  «XXI ғасыр әлемдік ақпараттың кеңістігі» тақырыбындағы облыстық семинарымызды қорытындылау үшін ортаға Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының директоры м.а. Керімбаева Гульжанат Толегеноваға берілді. Семинарда алған әсерін, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың ерекшеліктерін айтып, семинарды ұйымдастырушыларға,  М.Мақатаев атындағы мектептің әкімшілігіне, ұстаздарға шексіз алғысы мен тілектерін білдірді. Семинарда шебер сыныптар мен ашық сабақтар берген ұстаздарға алғыс білдіріп марапаттады.