1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді.
Құрметті ата-аналар! 📢 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді. Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей отырып, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау науқанының басталу уақытын 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл өзгеріс құжат қабылдауды тиімді әрі сапалы ұйымдастыру, сондай-ақ оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында енгізіліп отыр. Аталған ақпаратты Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 📢 Биыл құжат қабылдау