М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебінде “Үздік жас маман – 2026”
М.Мақатаев атындағы #13 мектебінің оқу тәрбиесі жоспарының негізінде жас мамандардың кәсіби жетістіктерін насихаттау, олардың еңбегін бағалау және жастарды өз мамандығына адал болуға ынталандыру мақсатында “Үздік жас маман – 2026” байқауы өткізілді. Бұл байқау – тек жарыс емес, бұл – еңбекке құрмет, білімге деген құштарлық пен үлкен жауапкершіліктің көрінісі. Әрбір қатысушы өзінің шеберлігін, жаңашылдығын және кәсіби біліктілігін дәлелдей білді. Осындай бастамалар арқылы біз болашаққа сенімді