“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында 10 көшет отырғызылды
🌿 “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы “М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебі” КММ ауласында ауылдық округ әкімдігінің қолдауымен берілген 10 көшет отырғызылды. Бұл игі іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Көшет отырғызу жұмыстарына мектеп ұжымы белсене қатысып, өз үлестерін қосты. 🌱 Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті! 🌍 Жасыл ел – жарқын болашақ кепілі!