«Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Қақтығыс жағдайларының алдын алу»
2026 жылғы 9 сәуір күні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы №13 М.Мақатаев атындағы орта мектепте «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Қақтығыс жағдайларының алдын алу» атты семинар өтті. Семинарды Іле ауданы әкімінің орынбасары Асқар Жұмаханұлы Садықов ашып, тақырыптың өзектілігін атап өтті. Іс-шара барысында Іле ауданы прокуроры Райымбек Ержанұлы Акбиюмов, Іле аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, кәсіби медиатор Мақсат Сейдалыұлы Сейдалиев, облыстық медиация кеңесінің төрағасы Ләззат